Министр: фельдшерлердің жалақысына басшылары жауапты

Не болды?

Журналистер денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназардан «Жақын арада фельдшерлердің жалақысы көтеріле ме?» деп сұрады. Ол қызметкерлердің еңбекақысына тек олардың басшысы жауапты екенін айтты.

Мәлімет

2020 жылдан бері медицина қызметкерлерінің табысы шамамен 2,5 есе өсті. Үш жылдық бюджетте тарифтерді арттыруға 100 милдиард теңгеден астам қаражат қарастырылды. Осы қаржы есебінен медициналық ұйымдар қызметкеріне беретін жалақыны өз бетінше тағайындай алады. Қызметкерлердің еңбекақысына олардың басшысы жауапты, — деді Ақмарал Әлназарова.

Министрдің айтқанына қарағанда, қаңтардан бастап алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлерге арнап жаңа бонус жүйесі іске қосылған. Оған 25 миллиард теңге бөлінген. Министр фельдшерлердің, санитaрлардың, жүргізушілердің және дәрігерлердің жалақысын алдағы уақытта көтеру үшін жұмыс жүріп жатқанын да айтты. Есептер дайын, қаржы министрлігімен келісіп жатыр.