Алматыда 2 автобус соғысып қалды: зардап шеккендер бар

Алматыда екі қалалық маршруттық автобус соқтығысты. Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден фото мен видео жарияланды.

Бұл туралы қалалық ПД хабарлап отыр.

ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:40-та Медеу ауданында болған.

69-маршруттың жүргізушісі Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Назарбаев даңғылынан шығыс жақта орналасқан аялдама кешенінде тұрған 208-маршруттық автобусына соқтығысқан. Апат салдарынан 69-маршруттың жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінді, – делінген хабарламада.

Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да