Не болды?
Қазақстандағы жалғыз шамшырақ үй Ақтауда орналасқан. Шамшырақ үй 1974 жылы салынған. Ол бүгінде қирағалы тұр. Бұл туралы Lada.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ғимараттың 70%-ы тозып кеткен. 1974 жылы салынғанына қарамастан, ешқашан күрделі жөнделмеген. Құрылыс талаптарына сай тұрғын үй 20-25 жыл сайын жөнделуі керек.


Тұрғындардың коммуналдық қызметтер бойынша қарызы — шамамен 2 млн теңге. Ішінде көп жерді тот басқан, баспалдақтар қирап жатыр. Қазір бұл жерде әлеуметтік жағдайы төмен көптеген отбасы тұрады. Пәтерлердің басым көпшілігі жалға беріліп отыр.

2023 жылы шамшырақ үйді қорғаныс министрлігі қала әкімдігінің меншігіне өткізген. Бұған дейін күрделі жөндеуді қаржыландыруға инвестор тарту жоспарланған еді. Алайда бұл іс жүзінде орындалмаған.
Анықтама
Шамшырақ үй 1974 жылы салынған. «Бор» (Меловой) шамшырағы тұрғын үйдің 11-қабатында, теңіз деңгейінен 73 метр биікте орналасқан. Шамшырақтың жарық шашатын сәулелері 7,5 метр биікте орналасқан. Мұнараның жалпы биіктігі — 10 метр, сегіз қырлы бөліктен тұрады.
