Алматыда тағы бір мердігердің құрылыс лицензиясы тоқтады

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы СК MEGARON ЖШС-не қатысты қабылданған шаралар туралы хабарлап отыр.

Компания Б.Хмельницкий көшесінен бастап Тәжібаев, Бакинская, Физули көшелері арқылы Майлин көшесіне дейінгі су құбыры желілерін қайта жаңарту, Мыңбаев және Манас көшелеріндегі су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын орындаған.

«Алатау ТН» ЖШС техникалық қадағалауының өтініші негізінде басқарма мердігерді жоспардан тыс тексеру жүрді. Нәтижесінде құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер сақталмағаны анықталды. Осыған байланысты СК MEGARON ЖШС-нің құрылыс лицензиясы қайтарылды.

Еске салайық, бұған дейін де Алматыда екі компания – СК 7 строй ЖШС және AsiaMax ЖШС құрылыс лицензиясынан айырылған болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да