Әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат қысқарды

Не болды?

2026-2028 жылдарға арналған бюджетте әлеуметтік шығын үлесі 40%-дан 38%-ға қысқарды. Министрлер оны алдағы уақытта тағы да азайтады. Бұл туралы премьер министр Олжас Бектенов мәлімдеп отыр.

Мәлімет

Әлеуметтік жәрдемақылар, төлемдер, әртүрлі әлеуметтік қолдау шаралары — республикалық және жергілікті бюджетті қоса есептегенде мемлекеттік бюджеттің шамамен 60%-ына тең. Әрине, бұл (қысқарту -ред.) бәріне ұнамауы мүмкін. Алайда мемлекеттен әлеуметтік қолдауды әртүрлі объектив себептерге байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ және өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтар ғана алады. Жұмыс істей алатындар жұмыс істеуі керек. Мемлекет оны асырауға міндетті емес, – деді Олжас Бектенов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да