1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 744 теңге болды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 512,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Зейнеткерлер саны 2 млн 516 мың адамға жетіп отыр, — делінген хабарламада.
2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%, ынтымақты зейнетақы 8,5%, яғни инфляция деңгейінен 2% оза отырып ұлғайтылды.
