Қазақстанда тұмаудың бұрын айналымда болмаған жаңа түрлері анықталған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеп отыр.
Министрдің айтуынша, алдыңғы жылдары тұмау циркуляциясы 48-51-ші апталарда байқалған. Ал биыл ерте анықталып отыр.
Осы жылы 41 аптада басталды, яғни қазан айының бірінші жартысына сәйкес келіп жатыр. Болжам бойынша өсім желтоқсан айының ортасына дейін сақталуы мүмкін. Қазақстан аумағында бұрын айналымда болмаған тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ. Вирустық инфекциялар мен тұмау белгілері бар пациенттер тұмаусыз вирустарға да тексеріліп жатыр. Ел ішінде, сонымен қатар риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус сияқты вирустар бар, — деді Ақмарал Әлназарова үкімет отырысында.
Оның айтуынша, ЖРВИ-дің 66% 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралған. Жалпы Кейінгі аптада республикада 6 мыңнан астам оқушы ЖРВИ жұқтырған.
Республика бойынша 2,1 миллион адам тұмауға қарсы егілген, вакцина ағымдағы эпидемиологиялық маусымда өзекті штаммдардан, оның ішінде А тұмауының (H3N2) штамдарынан қорғайды.
