Қазақстанда ЖРВИ-дің бір миллионнан аса жағдайы тіркелді

Оның айтуынша, Қазақстанның барлық аймағы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта, ал күн сайын 70-ке дейін жұқтыру жағдайы тіркеледі.

Коронавирус инфекциясының тұрақты жағдайына қарамастан, біз ЖРВИ мен тұмаудың кезекті өсу сатысында тұрмыз, ЖРВИ мен тұмаудың тарау түрі де, алдын алу шаралары да бірдей. Сонымен қатар бүгінгі таңда қалыптасып отырған жағдайды сипаттайтын болсақ, 1 қазаннан бері ЖРВИ-дің миллионнан аса жағдайы тіркелді, — деді Айжан Есмағамбетова орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Бас санитария дәрігері тұмаумен ауырған 1 000-нан аса жағдай зертханалық тексерулер арқылы расталғанын мәлімдеді.

Биылғы эпидемиология маусымында тұмаудың айналымы әдеттегіден ерте басталып, бүгінде А және В тұмауының екі түрі де тіркелгенін атап өткен жөн, — деді Есмағамбетова.