Алматының бірқатар ауданында 4 күн жарық болмайды

Не болды?

18–21 қараша аралығында Алматының бірқатар ауданында электр жарығы болмайды. Бұл туралы «Алатау жарық» компаниясы хабарлап отыр.

Мәлімет

Шаңырақ, Ақжар, Таусамалы шағынаудандарынан бастап Байбесік, Орбита, Нұрлытау, Самал, Ерменсай және Каменское плато сияқты шағынаудандардағы жекеменшік және көпқабатты үйлердің электр желісі жөнделеді.

Электр желісі сағат 08:00 немесе 09:00-ден 17:00-ге дейін кезең-кезеңімен жөнделеді.