Жетісайдағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысының Жетісай ауданында жеке үйде болған жойқын өрттен кейін «өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – делінген хабарламада.

Еске салайық, қайғылы оқиға салдарынан 12 адам – соның ішінде тоғыз бала қаза болды.

Өртті барлау және сөндіру барысында құтқарушылар үйден ес-түссіз жатқан үш адамды тауып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Олар түрлі дәрежеде зардап шеккен.

Көршілердің айтуынша, өрт болған түні үйде қонақтар жиналған. Жалын шамамен 360 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау толығымен сөндірілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, үкімет пен облыс басшылығына зардап шеккендерге барлық қажет көмекті көрсетуді және оқиғаны толық тергеуді тапсырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да