Алматыда Достық–Жолдасбеков қиылысында қозғалыс тәртібі өзгерді

Алматыда Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшесінің қиылысында қозғалыс сызбасы пилоттық режимде өзгерді.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қаланың көлік қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар транспорты басқармасы әкімшілік полициямен бірлесіп, осы аумақта бағдаршам жұмысына қосымша фаза енгізді.

Ведомствоның мәліметінше, жаңартылған бағытталу жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға және көлік құралдарының өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік береді. Өзгеріс қаладағы ең жүктемелі нүктелердің бірінде қозғалысты оңтайландыру және жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында енгізілген.

Басқарма жол қозғалысына қатысушыларды сигналдарға мұқият болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да