Ақтауда көлік салығын төлемеген азаматтарды анықтау мақсатында рейд ұйымдастырылды. Бұл туралы Lada.kz хабарлап отыр.
Тексеру барысында салық берешегі бар жүргізушілердің істері жекеменшік сот орындаушыларға тапсырылып, кей көліктер айыппұл тұрағына қойылды.
Ақтау әкімдігінің мәліметінше, қалада 9 606 тұрғынның көлік салығына берешегі 700 миллион теңгеге жеткен.
Рейдтің мақсаты – азаматтардың салық тәртібін сақтауын қамтамасыз ету және мемлекеттік бюджет кірісін толықтыру, – деді қалалық салық қызметінің өкілі Мирас Назарбаев.
Салық төлемегендерді анықтау рейдтері Ақтауда жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
