Дрондардың көмегімен 6 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Әуеден жүргізілетін тұрақты мониториң жол апаттарының алдын алуға және қауіпті жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп отыр.
Ведомствоның мәліметінше, дрондар адамдар көп жиналатын концерттер, спорттық матчтар және мерекелік іс-шаралар кезінде бақылаудың негізгі элементіне айналған. Құрылғылар қоғамдық орындарды жоғарыдан бақылап, күдікті әрекеттерді уақытылы анықтауға және полиция жасақтарын проблемалық аймақтарға жедел бағыттауға көмектеседі.
Әуе мониториңі қоғамдық тәртіпті сақтау мен полиция күштерін басқарудың тиімдігін арттырды. Пилотсыз ұшу аппараттары оқиға орнын қарау, жоғалғандарды іздеу, дәлел жинау, қылмыстық ахуалды бақылау сияқты міндеттерде де кеңінен қолданылып келеді. Нақты уақыттағы бейнемониториң тергеу процесін жылдамдатып, дәлелдердің сапасын күшейтеді.
Полиция Шымкентте өткен «Қарасора» және «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижесін мысалға келтірді. Дрон арқылы бақылау 44 жастағы әйелдің синтетикалық есірткі сатқаны анықталып, оны қылмыс үстінде ұстауға мүмкіндік берген. Тексеру кезінде көлік жүксалғышынан екі келіден астам есірткі табылған.
Полицейлердің айтуынша, дрондар техникалық жаңалық қана емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, жол қозғалысы тәртібін бақылауда және қылмыстарды ашуда күнделікті қолданылатын тиімді құралға айналған.
