Еліміздің 13 облысының тұрғындарына ескерту жасалды

«Қазгидрометтің» мәліметінше еліміздің бірқатар өңірінде метеорологиялық жағдай қауіпті болады деп болжанып отыр.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі ескертті.

Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында көктайғақ болады. Қостанай облысында боран соғады деп болжанып отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да