Кальянға шектеу азайса да, вейпке тыйым сол күйінде қалады

Не болды?

Қазақстанда кальянға қойылған шектеулер жеңілдеуі мүмкін. Алайда вейпке тыйым сол күйінде қалады. Бұл туралы вице-министр Санжар Әділов мәлімдеп отыр.

Мәлімет

Вице-министр Санжар Әділовтің айтуынша, бұл мәселені ІІМ мен әкімшілік полиция комитетінің қатысуымен құрылған жұмыс топтары қарастырып жатыр.

Талқылау жүріп жатыр. Жұмыс жалғасып жатыр. Нәтижесі бойынша шешім қабылданып, ең ықтимал нұсқа – қоғамдық тыңдау өткізіледі, — деді Санжар Әділов.

Кальянға қатысты қарастырып жатқан жеңілдіктер:

  • жабдықтарды әкелуге рұқсат беру;
  • қоғамдық орындарда кальян қолдануға рұқсат ету;
  • рұқсат етілген заттар мен пайдалану шарттарын анықтау;
  • пайдалану уақыты мен орнына қатысты ережелер белгілеу.

Ал вейпке салынған тыйым өз күшінде қалады.