Қазақстанның 6 банкі бірыңғай QR жүйесіне қосылды

Енді Қазақстан азаматтары кез келген банк қолданбасы арқылы бірыңғай QR-кодпен төлем жасай алады.

Жаңа жүйе Central Asia Fintech Summit 2025 саммиті кезінде таныстырылды.

Қазір бұл жүйеге елдің алты ірі банкі қосылған: Halyk Bank, Freedom Bank, RBK Bank, Home Credit Bank, БЦК және Altyn Bank. Жыл соңына дейін тағы үш банк қосылады, ал 2026 жылы барлық банк бірыңғай QR жүйесімен жұмыс істейді.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл бастама заңнамалық және техникалық тұрғыдан ауқымды дайындықты қажет ететінін атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да