Не болды?
2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго №65/66 «Астана – Жезқазған» пойызының бағытын Қызылордаға дейін ұзартады. Бұл туралы Rail-news.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Жаңа бағыт елдің орталық және оңтүстік өңірлерін тікелей байланыстырады. «Астана – Қызылорда» пойызы күнара қатынайды. Бір сапарда 400-ден астам жолаушы тасымалданады. Мүгедектігі бар жандар үшін 50% жеңілдік пен арнайы орындар қарастырылған.
Бағыттың ұзаруының арқасында бұл жолаушыға қарапайым пойыздан 7 сағат тезірек жетуге мүмкіндік береді. Бұл еліміздің ірі өңірлері арасындағы көлік қатынасын тұрақтандырып, жолаушылардың қысқы маусымдағы сапарын едәуір жеңілдетеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Алматы–Ташкент» тальго пойызы енді күн сайын қатынайды.
