Павлодар облысында бастауыш класс оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқыту режиміне ауысты.
Өңірлік білім басқармасы осыған байланысты ресми мәлімдеме жасады.
Павлодар облысының барлық мектебінде 2025 жылғы 11 қараша күні 1-ауысымдағы мектепалды даярлық топтары мен 1-4-класс оқушыларының сабақтары ауа райының қолайсыздығына байланысты (температура 0-5°С, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, көктайғақ) қашықтан оқыту форматына ауысады, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар барлық мектепте оқушыларды тасымалдау тоқтады.
