Павлодар облысында автобус аударылып, 1 адам қаза болды

Павлодар облысында автобус аударылып, бір адам қаза болды. Бұл туралы Павлодар облысы полициясы хабарлап отыр.

Оқиға 7 қарашада Павлодар–Қызылорда автожолында – Шідерті кентінен 10 км жерде болған. Автобус жол жиегіне аударылған.

Жол апатынан бір жолаушы көз жұмып, тағы алты адам түрлі дене жарақатын алды, – делінген полиция хабарламасында.

Қазір тергеу амалдары басталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да