Қарағандыда есірткі өндірген қылмыстық топ ұсталды

Қарағанды облысында есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті. Бұл туралы облыстық ПД хабарлап отыр.

Облыстық прокуратура мен полицияның бірлескен арнайы операциясы барысында Сортировка кентінде синтетикалық есірткі дайындаған екі тұрғын ұсталды.

Тінту кезінде полицейлер 1 тоннадан астам прекурсор мен 52 келіден астам дайын «Альфа-PVP» есірткісін тәркіледі. Сонымен қатар есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар алынды. Нәтижесінде 173 мың доза улы заттың қара нарыққа түсуінің жолы кесілді.

Күдіктілер зертхананы жалдамалы үйде ұйымдастырған, есірткіні куратордың нұсқауымен дайындап, ақысы криптовалюта түрінде төленіп отырған. Қазір ұсталғандар уақытша ұстау изоляторында, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, – делінген хабарламада.