Қарағандыда есірткімен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды

Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен иесі қолға түсті. Бұл туралы ПД хабарлап отыр.

Қарағанды облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымына қарсы «Қарасора» жедел іс-шарасы барысында 20 жастағы Теміртау тұрғынын қолға түсірді.

Күдіктіден екі телефон, ақша және есірткіге ұқсас заттар тәркіленді. Үйін тінту кезінде жалпы салмағы 100 грамм болатын 51 түйіншек табылды. Тергеу барысында оның есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкен иесі екені анықталды. Ол төрт ай бойы заңсыз табыс тауып, төлемдерді криптовалюта арқылы қабылдап отырған, — делінген хабарламада.

Қазір күдікті қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да