Ақмола облысында көлік жылдамдығына уақытша шектеу енгізілді

Ақмола облысында көлік жылдамдығына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.

2025 жылғы 6 қараша сағат 00:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 19-231 шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жылдамдығы 110 км/сағ-тан 80 км/сағ-қа дейін төмендетілді, — делінген хабарламада.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы бұл шектеу ауа райы тұрақтанған соң, 2025 жылғы 6 қараша күні сағат 15:00-де қайта алынып тасталады.