«Қайрат» Чемпиондар лигасында гол жібермеген «Интерге» гол соқты

Не болды?

2025 жылғы 6 қарашаға қараған түні «Қайрат» Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында жергілікті «Интер» командасымен кездесті. Тартысты матч 1:2 есебімен аяқталды. Бұл туралы «Қайрат» ФК хабарлап отыр.

Мәлімет

«Интер» бірінші таймның 44-минутында есеп ашты. Темірлан Анарбеков қорғаған қақпаға Лаутаро Мартинес гол соқты. Алайда екінші таймның басында-ақ «Қайрат» сапындағы Офри Арад есепті теңестірді.

Матчтың 56-минутында есеп тең болды. Дегенмен «Интердің» Карлос Аугусто деген ойыншысы тағы бір гол соғып, алға шықты. Қорытынды есеп: 1:2. «Интер» бір гол айырмашылығымен жеңіске жетті.

Бір айта кетерлігі, «Интер» бұл Чемпиондар лигасында қақпасына гол кіргізбеген команда еді.

«Қайрат» Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысып жатыр. Алғашқы төрт ойында үш рет жеңіліп, бір мәрте тең түсті.

Контекст

«Қайрат» пен «Интердің» Миландағы матчының билеті Алматыда «Реал Мадридпен» өткен ойыннан ондаған есе арзан болды.

Италиялық команда Қазақстанның «Қайрат» футбол клубымен ойнар алдында Instagram-парақшасына қазақ тілінде жазба жариялады.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды.