«Үміт Самғау» қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қарағанды облысында «Үміт Самғау» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлап отыр.

Компания өз қызметін жалғызбасты аналарға, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жобасы түрінде жасырынған. Азаматтарға салған қаражатың 300%-дан 800%-ға дейін табыс әкеледі деп уәде беріп, әртүрлі «салым түрлерін» ұсынған. Жоба шарттары бойынша салым көлемі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым көп болатыны айтылған, — делінген хабарламада.

Алайда қатысушыларға «табыс» нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, жаңа салымшылардың қаражатынан төленген.

Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары «дропперлер» ретінде тартылған. Олардың атына тіркелген банк карталары мен шоттарына салымшылардың ақшасы қабылданған.

Жалпы қаржы пирамидасына 400-ден астам азамат тартылып, 100 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да