Алатаудағы төтенше жағдай режимі 1,5 айдан кейін алынды

Алматы облысының Алатау ауданында қоқыс полигонындағы ірі өртке байланысты 18 қыркүйектен бастап енгізілген техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі алынды.

Бұл туралы шешімнің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатта төтенше жағдай режимін жою қызметті қайта жандандыруға және енгізілген шектеулерді алып тастауға мүмкіндік беретіні атап өтілген.

Еске салайық, Алатаудың қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында бір апта бойы өрт шыққан болатын. Оқиғаға байланысты өңірде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланған еді.