Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

ChatGPT қолданғанда оқушылар нені ескеруі керек?

Фото Depositphotos.com
ChatGPT-ге тыйым салған тиімді шешім емес. Керісінше, бұл құралды дұрыс әрі қауіпсіз қолдану дағдысын үйрету керек. Мұғалім Гүлмира Самылтырова ChatGPT-ді қолданатын оқушыларға кеңес айтты.
  1. Жеке мәліметті қорғау

Оқушылар чатқа аты-жөнін, мекенжайын, мектептің атауын, телефон нөмірін, ЖСН-сын және басқа да жеке дерегін жазбауы керек. ChatGPT – ашық жүйе, онда жазылған ақпарат тарап кетуі мүмкін. Тіпті, бұл дерек алаяқтардың да қолына түсуі мүмкін.

  1. ЖИ жұмысын толық көшірмеу

Оқушы ЖИ ұсынған жұмысты, мәтінді толық көшірмеуі керек. Біріншіден, бұл этикаға қайшы. Екіншіден, бала тапсырманы өзі орындамаған соң, оны түсінбейді.

  1. Ақпаратты тексеру

ChatGPT кейде қате немесе ескірген ақпарат береді. Сондықтан оқушы әр жауапқа сене бермей, оны басқа дереккөздерден тексеріп үйренуі керек. Бұл – сыни ойлауды дамытудың жақсы тәсілі.