Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толықтай сөндірілді. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД хабарлап отыр.
Өртті сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Абай және Жетісу облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары, 28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдері, сонымен қатар ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары жұмылдырылды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматы облысындағы қоқыс полигоны 15 қыркүйектен бері өртеніп жатыр.
Өрт ошақтарының 10 метрден астам тереңде жатыр. Өрт сөндірушілер 18 қыркүйекте жасырын өрт ошақтарын салқындатып, оқшаулауды бастаған еді. Өрт жанып жатқан бесінші күні аумаққа топырақ төселген еді.
Ал сенбі күні полигонындағы өрт оқшауланған болатын.
