Демалыс күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Республика күні мерекесіне байланысты 25 қазан, сенбі күні еліміздегі барлық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» хабарлап отыр.

Ал 27 қазан, дүйсенбі күні кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған бөлімшелер қызмет көрсетеді.

  • Кезекші ХҚО-лар сағат 9:00–13:00 аралығында,
  • Мамандандырылған ХҚО-лар 9:00–12:00 аралығында жұмыс істейді,
  • Дайын құжаттарды беру уақыты — 13:00-ге дейін.

28 қазаннан бастап барлық орталық қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.

Кезекші бөлімшелердің тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram-парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.