Оралда FinIQ қаржылық диктанттың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

2025 жылғы 23 қазанда Оралда Батыс Қазақстан облысы бойынша республикалық FinIQ қаржылық диктантының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Диктанттың басты мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақпараттандыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шараға облысымыздың 84 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Олардың қатарында мектеп оқушылары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, студенттер, мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар қаржылық мониторинг субъектілері болды.

Салтанатты іс-шара экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылық құрамы, «Аманат» партиясы және Халық банкінің өкілдерінің қатысуымен өтті. Қаржылық диктанттың 10 жеңімпазы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Республикалық диктанттың өткізілуі азаматтардың өз қаржылық ресурстарына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да