23 қазан күні Алматы тұрғындарына жер сілкінісіне байланысты ескерту келді.
Хабарламада тұрғындарға қауіпсіз жерлерді паналауға және дүмпулер басылғаннан кейін ғимараттардан қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялануға кеңес берілген.
Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерлерді паналаңыз. Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттан қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялаңыз. Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыз, — делінген ескертуде.
Кейінірек ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС Алматыда жер сілкінісі тіркелгенін хабарлап отыр. Жер асты дүмпуінің сезілгені жөніндегі ақпарат нақтыланып жатыр.

