Мангала, таяқ тартыс, шалвар күрес. Түркі халықтарына ортақ қандай спорт түрлері бар?

Түркі халықтары мәдениеті мен тарихының ортақ тұсы көп болғандықтан, спорт ойындары да ұқсас. Жақында Қырғызстанда Халықаралық спорт ойындары өтті. Онда 15-тен астам мемлекеттен барған спортшылар түркі халықтарына ортақ спорт түрлерінен жарысқа түсті.
Жарыс Манас атындағы қырғыз-түрік университетінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы қауымдастығының университеттері арасында өткен. Baribar.kz осы ерекше ойын түрлеріне шолу жасады.

Таяқ тартыс (мас-рестлиң)

Таяқ тартыста екі адам тақтайдың екі жағында отырып, ортадағы ағаш таяқты өз жағына тартуға тырысады. Кім қарсыласын тақтай сызығынан асырса немесе таяқты жұлып алса, сол жеңеді. Мас-рестлиң – якут халқының ұлттық ойыны. Алайда қазақ даласында да ертеден таяқ тартыс ойыны деп кең таралған.

Таяқ тартыс (мас-рестлиң)
Таяқ тартыс (мас-рестлиң). Фото: Ахмет Ясауи университетінің баспасөз қызметі

Мангала, тоғызқұмалақ, тогуз коргоол

Мангала – түркі халықтарына ортақ, логика мен стратегияны дамытатын үстел ойыны. Ойын қазақтың тоғызқұмалағына, қырғыздың тогуз коргоолына ұқсас. Алайда әр ойынның сәл ерекше ережесі бар.

Мангала, тоғызқұмалақ, тогуз коргоол
Фото: Ахмет Ясауи университетінің баспасөз қызметі

Жалпы мангаланың тарихы 4000 жыл бұрынғы Египет пен Африкадағы манкаладан бастау алады деген дерек бар. Түркі халықтары бұл ойынды өз дәстүріне сай түрлендіріп, білім мен зеректікке баулитын интеллектуалдық ойынға айналдырған.

Шалвар күрес

Шалвар күрес – түріктердің мерекелік ұлттық күрес түрі. Балуандар арнайы кең шалбар киіп, соның белінен не балағынан ұстап қарсыласын жығуға тырысады. Бұл спорт түрі түркі халықтарының ежелгі белдесу дәстүрінен бастау алады.

шалвар күрес
Фото: Ахмет Ясауи университетінің баспасөз қызметі