Не болды?
FlyArystan маршруттық желісі бойынша өз әуебилеттерінің жаппай сатылымын жариялады. Арнайы билеттерді 2025 жылғы 23–25 қазан аралығында сатып алуға болады.
Мәлімет
Науқан аясындағы билеттер саны шектеулі. Ішкі рейстерге билеттер 8 000, 10 000 және 12 000 теңгеден. Кері бағыттағы тарифтер де сол бағада қолжетімді.
Арнайы билеттерді 2025 жылғы 23–25 қазан аралығында сатып алуға болады. Саяхат кезеңі 2026 жылғы 1 қаңтардан 15 наурызға дейінгі уақытты қамтиды.
8 000 теңгеден:
• Алматыдан – Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Өскемен қалаларына;
• Астанадан – Шымкент, Қостанай, Семей, Өскеменге;
• Ақтаудан – Атырауға;
• Атыраудан – Ақтауға.
10 000 теңгеден:
• Ақтаудан – Орал, Ақтөбеге;
• Алматыдан – Қарағанды, Астана, Семейге;
• Астанадан – Түркістан, Ақтөбе, Қызылордаға.
12 000 теңгеден:
• Алматыдан – Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Ақтау, Оралға;
• Астанадан – Атырау, Ақтау, Оралға;
• Шымкенттен – Атырау, Ақтауға.
Арнайы тариф бойынша билетті әуекомпания ұшатын барлық халықаралық рейстерге, оның ішінде 29 қарашадан бастап ашылатын жаңа Ақтау – Дубай бағытына да сатып алуға болады.
• Астана – Ташкент 28 440 теңгеден, кері бағытта – 31 320 теңгеден;
• Атырау – Кутаиси 29 380 теңгеден, кері бағытта – 27 270 теңгеден;
• Ақтау – Кутаиси 26 780 теңгеден, кері бағытта – 27 270 теңгеден;
• Ақтау – Дубай 61 340 теңгеден, кері бағытта – 63 714 теңгеден.
Қалай сатып аламыз?
Науқан аясындағы билеттерді ресми www.flyarystan.com сайтынан FlyArystan мобильді қосымшасынан немесе өзге де ресми сату арналары арқылы рәсімдеуге болады.
Тариф құнына борттағы кездейсоқ орын және салмағы 5 кг, өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қол жүгі кіреді.
