Не болды?
Роберт Кун Жеки Чанмен бірге түсірілетін жаңа «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссеры және экшн-сахна қоюшысы болады. Бұл туралы Salem Entertainment медиакомпаниясы хабарлап отыр.
Мәлімет
Роберт Кун – әлемнің ірі киностудияларымен жұмыс істейтін санаулы қазақстандық кинематографтардың бірі. Оның портфолиосында Disney, Paramount, Universal және 20th Century Fox студияларының жобалары бар. Ол «Гром майор: Ойын», «Ол — айдаһар», «Аса қауіпті» және «Линкольн президент: Вампирлерді аулау» фильмдерінің түсіріліміне қатысқан.
Жеки Чан Роберт Кунды режиссер ретінде өзі таңдаған. Жаңа фильмнің түсірілімі 2026 жылғы көктемде басталады.
Анықтама
«Құдай сауыты: Ультиматум» франшизасы — Жеки Чанның шығармашылық жолындағы ең әйгілі жобалардың бірі. Алғашқы фильм 1986 жылы жарық көрді. Жалғасы ретінде — «Кондор операциясы» (1991) және «Зодиак миссиясы» (2012) фильмдері шықты.
Контекст
Бұған дейін Жеки Чан Алматыға келген. Болашақ картинаның түсірілім орындарын таңдаған еді. Фильмнің көп бөлігі Қазақстанда түсіріледі.
