Павлодарда тұтқынға арналған палаудың ішінен телефон табылды

Павлодар облысындағы №63 түрме күзетшісі сәлемдемелер арасынан телефон, құлаққап және қуаттағыш тауып алды.

Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі қызметі хабарлап отыр.

Екібастұз тұрғыны сотталған туысына бір контейнер палау әкеп берген екен. Оны тексерген түрме күзетшісі контейнердің ішінен телефон мен құлаққап, сонымен қатар қуаттағыш тауып алған. Түрме күзетшісі сәлемдемедегі тыйым салынған заттарды дәл сол жерде тауып, тәркіледі. Сәлемдемені әкелген азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, оның ісі сотқа жолданды. Бұл әрекет үшін сәлемдемені әкелген адам жауапты болады, — делінген хабарламада.