13 жасар бала шахматтан 2 мәрте Әлем чемпионы болды

Не болды?

13 жастағы Марк Смирнов шахматтан екі дүркін әлем чемпионы болды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлап отыр.

Мәлімет

4–15 қазан аралығында Албанияда 2025 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Чемпионатта қазақ шахматшылар чемпион болды.

  • Марк Смирнов – екі мәрте әлем чемпионы (U14)
  • Эдгар Мамедов – әлем чемпионы (U16)
  • Сауат Нұрғалиев – күміс жүлдегер (U16)

Марк Смирнов 2024 жылы 12 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы болған еді. Биыл ол келесі жас санатына – 14 жасқа дейінгі топқа  өтіп, тағы да шебер екенін дәлелдеді. Эдгар осы чемпионаттың былтырғы вице-чемпионы болған, Сауат ол кезде қола медаль алған еді. Енді екеуі де жаңа биікті бағындырып отыр.

Бұл – Қазақстан шахмат мектебінің мықты екенін, бапкерлердің еңбегін және жас спортшылардың табандылығын дәлелдейтін тарихи жетістік! Чемпиондарымызбен мақтанамыз!- деп жазды федерация.

Естеріңізге салайық, Алматыда шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты өткен еді.

Тоқаев шахматшы Меруерт Камалиденованы FIDE World Cup 2025 жарысындағы жетістігіне құтты болсын айтқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да