Еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

16 қазан күні Ақтөбе, Алматы және Павлодар қалаларында атмосфераның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді табиғи факторлардың (тыныш ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да