Алматыда ер адам көршісін көлікпен әдейі қағып кеткен

Алматыда тұрғын үйдің ауласында жүргізуші көлігімен адамды қағып кетті. Куәгерлердің айтуынша, ол көршісін әдейі қаққан.

Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жолдан өтіп бара жатқан ер адамды көлік келіп соққанын көруге болады.

Полиция мәліметінше, оқиға бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

Екі ер адамның арасында тұрмыстағы жанжал болғаны анықталды. Қазір жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері кез келген дауды заң шеңберінде шешу керегін ескертті. Әрбір құқықбұзушылық үшін заңмен жауапкершілік қарастырылған.