ДДСҰ: Кейбір инфекциялар антибиотик арқылы емделмей жатыр

Не болды?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем бойынша кейбір инфекциялар стандартты антибиотикпен емделмей жатқанын ескертті.

Мәлімет

ДДСҰ 2023 жылғы зерттеу бойынша, әрбір алтыншы бактериялық инфекция бұрынғыдай антибиотикпен емделмейтінін көрсеткен баяндама жариялады.

ДДСҰ-ның Антимикробтық препараттарға төзімділікті және олардың қолданылуын қадағалайтын жаһандық жүйесіне (GLASS) 100-ден астам елден дерек түскен. Антибиотикке төзімді бола беру әлем денсаулығына қатер төндіріп отыр.

Адамдардың 2018 жылдан 2023 жылға дейін бақылауға алынған «патоген–антибиотик» комбинациясының 40%-дан астамына төзімділігі артқан.

Баяндамада алғаш рет несеп-жыныс жолы, асқазан-ішек жолы, қан айналымы және гонорея инфекцияларында қолданылатын 22 антибиотикке төзімді болудың таралу деңгейі сегіз бактериалды патоген бойынша бағаланған.

Қауіп төніп тұрған өңірлер

Ең жоғары төзімділік Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Жерорта теңізі аймақтарында тіркелді — инфекциялардың шамамен үштен бірі антибиотикке төзімді. Африка аймағында бұл көрсеткіш шамамен — 20%.

Ең жоғары қауіп инфекцияларды анықтау және емдеу инфрақұрылымы жеткіліксіз елдерге төніп отыр, – делінген ДДСҰ  ақпаратында.

Ең қауіптілері — грамтеріс бактериялар, әсіресе E.coli және K.pneumoniae штамдары.

Ақпарат

Антибиотикке төзімділіктің өсуі сепсис, өлім қаупі, ауыр бактериялық инфекцияларды емдеуді қиындатады. Тез арада шара қолданбаса, жаңа антибиотиктер жаһандық денсаулық сақтаудың жалғыз шешімі болуы мүмкін.

2024 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы антимикробтық төзімділікке қарсы күрес жөнінде саяси декларация қабылдады. Онда денсаулық сақтау, зертханалық жүйелер мен эпидқадағалауды нығайту мақсаттары белгіленді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да