1:1 — Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең түсті

Не болды?

«Тоше Проески» стадионында өткен ойында Солтүстік Македония мен Қазақстан құрамалары кездесті. Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Бұл туралы Qazsport.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық құрама ойыншысы Дінмұхамед Қараман алғашқы голды соқса, Солтүстік Македония капитаны Энис Барди, есепті теңестірді.

Матчтан кейінгі әсер керемет. Тең нәтижеге жеткенімізге шүкір дейміз. Алайда ұтуға да болар еді. Миллисекундта сондай шешім қабылдадым да, гол кіріп кетті, — дейді ұлттық құрама сапында алғашқы голын соққан, «Жеңіс» футбол клубының шабуылшысы Дінмұхамед Қараман.

Енді Қазақстан командасы 15 қараша күні өз алаңында Бельгиямен ойнайды.

Бұған дейін ұлттық құрама «Лихтенштейнді» 4:0 есебімен жеңген еді.