Антибиотик
©medaboutme.ru

Отандық дәрі-дәрмек өндіретін SANTO компаниясы Қазақстан баспасөз клубымен бірлесе отырып жаңа медиа-жобаны қолға алған болатын. Жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген журналистер медицина саласындағы өзекті тақырыптарды дәрігерлермен бірлесе бейресми жағдайда талқылайды. Жақында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да «Салауатты журналист» клубының «Суық тию мен тұмау кезінде пайдаланатын антибиотиктер туралы 10 сұрақ» тақырыбында  конференция өткізген еді. Аталмыш кездесуде журналистер антибиотиктерге байланысты сауалдарына жауап алып, отандық дәрі-дәрмек өндіретін SANTO компаниясының жұмысымен танысты.

Здоровый журналист
©baribar.kz

Бүгінгі күні SANTO компаниясы Еуразия экономикалық одағы аумағындағы және жалпы бүкіл әлемдегі тарихы терең фармацевтикалық өндіріс орталығы. Іргетасы 1882 жылы қаланған бұл кәсіпорын Оңтүстік Қазақстандағы эндемиялық өсімдік — ақ жусан негізінде сантонин препаратын өндіруден бастап, бұрынғы Кеңес одағына тиесілі фармацевтикалық зауыттардың барлығының қажеттіліктері үшін өсімдік шикізатынан субстанцияларды шығаратын жетекші өндіріске дейінгі бірталай даму кезеңдерінен өтті.

Зауыт Ұлы Отан Соғысы жылдарында майдан қажеттіліктері үшін техникалық морфинді жеткізген басты өндірістердің бірі болды. 1993 жылдан кейін зауыт акционерлік қоғам ретінде қайта құрылып, қызметін дайын дәрілерді өндіруге ауыстырды. Бүгінгі күні SANTO күрделі ауруларды емдеуге арналған әрбір үшінші препаратты өндіріп, тегін мемлекеттік медициналық көмек аясында Қазақстанның емдеуші мекемелеріне жеткізеді.

Сонымен біздің қолымызға қалап алып, мақаламызға арқау болған тақырып- антибиотиктер. Күз келіп, ауа райы суытқаннан-ақ тұмау мен суық тию аурулары күрт көбейеді. Әрине, біз дәрігердің көмегіне жүгінбей, өз бетімізбен дәріханаға барып, фармацевттерден «Қандай да бір антибиотик бересіз бе?» деп сұраймыз.

Здоровый_журналист
©baribar.kz

Адам бактериялар әлемінде өмір сүретіндіктен, олар сыртымызда да, ішімізде де мекен етеді. Антибиотиктер ауру тудыратын бактерияларға соққы береді және ағзаға орны толмас зиян келтіреді. Қазіргі уақытта антибиотиктерге, тіпті кез келген дәрілік затқа еркін қол жеткізуге болады. Міне, сондықтан да, оларды негізсіз пайдалану жиі кері нәтижеге әкеп соғуда.

Анықықтамаға сәйкес, антибиотиктер – бұл микробты, жануар немесе өсімдік тектес заттар, микроағзалардың белгілі бір өсуіне немесе олардың жойылуына қабілетті.

Антибиотиктер көбінесе тұмауды емдеу үшін дұрыс пайдаланады. Бірақ егер ауру вирус арқылы туындаған болса, оны емдеу мәнсіз. Антибиотиктердің өздері адамға зиянды емес, бірақ суперинфекциялы қауіпті бактериялық пневмония секілді қабілеттілігін арттыруы мүмкін. Антибиотиктермен жойылмаған патогенді микроағзалар инфекциялар дамуына, мысалы, кандидозаның дамуына әкелуі мүмкін.

Антибиотик
Көрнекі фото

Антибиотиктер бактериялармен (мысалы, скарлатина, сальмонеллеза, дизентерия, туберкулез) туындаған ауруларды емдеу үшін қажет. Дәрігер тағайындаған толық курсты қолдану өте маңызды.

Антибиотиктерді пайдалану өзекті сұрақ. Неге? Өйткені медицинада резистенттілік (тұрақтылық) деген ұғым бар  –  организмнің (кез келген тірі) өзіне зиянды барлық әсерлерге қарсы тұру немесе кедергі келтіру қабілеті.

Мұның сізге қандай қатысы бар? Сізді дұрыс антибиотикпен емдесе де, сізге ештеңе көмектеспейді. Неге? Бактериялардың өз бейімділіктері болады. Қасиеттерін өзгерте отырып, олар антибиотиктерге көндігіп алып, оларды місе тұтпайды.

Антибиотиктер туралы әркімнің білуі тиіс мәселе. Олардың вирусқа қарсы қауқарсыз болатындықтары, олар тек қана бактериялармен, паразиттердің кейібр түрлерімен және зең жұқпаларымен ғана күресе алады. Біздің антибиотиктермен емдеуді жақсы көретін суық тию, грипп, бронхит, тұмау тию және тағы басқа көптеген  аурулар көбінесе вирустардың әсерінен туындайды және олардың бактериялардан болуы өте сирек. Көбінесе суық тию аурулары (шығу тегі кез келген) 5-7 күнге ғана созылады  және жасауға болатын жалғыз нәрсе — симптомдарды жою.

Вирустар мен бактериялар — бұл екі түрлі нәрсе

Антибиотиктер —микроорганизмдердің (көбінесе саңырауқұлақтардың) тіршілік ету өнімдері және олардың синтетикалық туындылары. Олар бактериялардың өлімін тудырады, не болмаса олардың өсіп өнуіне кедергі келтіреді. Инфекция тудыратын вирустар көлемі жағынан бактериялардан кішірек болады, бірақ күрделі схема бойынша әсер ететін оларға қарағанда жетілген микроорганизмдер.

Антибиотиктерді неліктен өз бетімен тағайындауға болмайды?

Дәріханаға барудың және фармацевттердің пікіріне сүйенудің қажеті жоқ. Неге? Біріншіден: жайсыздықты қандай бактерия тудырғандығын сіз білмейсіз. Екіншіден: егер сіз фармацевттен кеңес сұрасаңыз, ол сізге ең кең ауқымды әсер ететін антибиотикті ұсынады. Үшіншіден: сіз толық емделу курсы қандай екендігін білмегендіктен аяғына дейін жеткізбейсіз.

Антибиотиктерді дәрігер ғана тағайындауы тиіс

Антибиотикті таңдау аурудың сипаты мен ауырлығына, сондай-ақ пациенттің бұрын алған препараттарына байланысты. Және тек дәрігер ғана микробқа қарсы препаратты ауыстыру мәселесін шеше алады.

Антибиотик
Көрнекі фото

Антибиотиктерді қабылдаған кезде нені білу қажет:

  • Антибиотиктерді өзін-өзі емдеу тәртібінде дәрігердің тағайындауынсыз пайдаланбаңыз;
  • Вирустық инфекцияларды емдеу үшін антибиотиктерді қолданбаңыз, өйткені оларға әсер етпейді;
  • Антибиотиктерді «профилактика үшін», «ештеңе болмау үшін», «сақтану үшін» қолданбаңыз;
  • Жақсарудың алғашқы белгілерінде антибиотикті ішуді тоқтатпаңыз, дәрігер тағайындаған емдеу курсын толықтай аяқтаңыз;
  • Дәрігер жазып берген антибиотик дозасын өзгертпеңіз;

Антибиотиктер не істей алмайды:

  • Вирустарға әсер етпейді;
  • Дене қызуын төмендете алмайды;
  • Бактериялық асқынулардың дамуын тоқтата алмайды.

Антибиотиктерді негізсіз пайдалану:

  • Микрофлоралар резистенттілігінің артуына әкеп соғады (кейін бұл препарат көмектесе алмайды);
  • Организмнің қалыпты микрофлорасының бұзылуына әкеп соғады (үнемі емес, тек дұрыс тағайындалмаған жағдайда);
  • Жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттырады (аллергия, ферменттеу жұмысының бұзылуы және т.б.);
  • Емдеуге шығынның көп жұмсалуына әкеп соғады.

SANTO компаниясының дерегінше әлемде халықтың 49%-ы антибиотикті дәрігердің тағайындауымен емес, өз бетімен, фармацевттің кеңесі және интернетте жазылған ұсыныстар бойынша қабылдаған.

Есіңізде болсын, антибиотиктер тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.