Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар елші тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының жарлығымен:
Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
