Не болды?
Сенат отырысында Қазақстан азаматтарын Қатарда заңды жұмысқа орналастыруды реттеу туралы заң мақұлданды. Бұл туралы сенат баспасөзі хабарлап отыр.
Мәлімет
Енді Қазақстан азаматтары Қатарда заңды жұмыс істей алады, билік олардың құқығын қорғаqды.
Келісім бойынша, Қазақстан азаматын Қатар жұмысқа шақырса, мынадай міндеттемелерді орындауы керек:
- жұмысшыға тұрғын үй немесе тұрғын үйге арналған жәрдемақы беру;
- жұмыс орнына дейін және кері бағытта көлікпен тегін алып жүру немесе жол шығынын өтеу;
- Қатар заңнамасына сай медициналық қызмет көрсету;
- жұмысқа қабылдау және еңбек шарты аяқталған кезде, сондай-ақ жыл сайынғы еңбек демалысы кезінде ұшу шығынын төлеу.
Жұмыс беруші бұл шарттың ережелерін өз бетінше өзгерте алмайды. Алайда жұмысшы тәртіп бұзса, еңбек шарты аяқталмай тұрып жұмыстан шықса, бұл міндеттемелер орындалмайды.
Естеріңізге салайық, Павлодар облысында 22 шетел азаматы заңсыз жұмыс істегені анықталған еді.
