Не болды?
Өзбекстан билігі жасанды интеллект технологиясын енгізіп, биылғы 1 қарашаға дейін екі мыңнан астам мемлекеттік қызметкерді қысқартатын болды. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің жарлығы шықты.
Мәлімет
Құжат «Мемлекеттік биліктің атқарушы органдарындағы басқарушы лауазымдарды кең көлемде цифрландыру есебінен оңтайландыру шаралары туралы» деп аталады.
Шавкат Мирзиёевтің жарлығы юойынша, 2 141 қызметкер жұмыстан қысқартылады. Ең көп өзгеріс салық комитеті мен су шаруашылығы министрлігінде болады — комитеттен 498, министрліктен 224 қызметкер жұмыстан кетеді.
- ауыл шаруашылығы министрлігінен 200;
- әділет министрлігінен 197;
- экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінен 176;
- еңбек және кедейлікті қысқарту министрлігінен 163 қызметкер қысқарады.
Жарлықта мемлекет қысқарып қалған қызметкерлерді жұмысқа орналастыруға көмектеседі делінген.
Естеріңізге салайыққ, Қырғызстанда жиналыс кезінде 24 шенеунік ұсталған еді.
