Астанада 11-12 қазан күндері жәрмеңке өтеді

Астанада 11-12 қазан күндері Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының диқандары жәрмеңке өткізеді. Олар жалпы көлемі 700 тоннадан астам өнім әкеледі. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлап отыр.

Екі облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астанаға жалпы көлемі 700 тоннадан астам өнім әкеледі. Оның ішінде:

  • 390 тонна көкөніс;
  • 170 тонна ет пен ет өнімдері;
  • 160 мың дана жұмыртқа;
  • 70 тонна бал;
  • 30 тонна сүт өнімдері;
  • 16 тонна өсімдік майы;
  • 14 тонна балық;
  • шамамен 10 тонна өзге де азық-түлік өнімдері бар.

Елорда тұрғындары мен қонақтары өңірлердің шығармашылық ұжымдары ұйымдастыратын концертті де тамашалай алады. Жәрмеңке 9:00-ден 18:00-ге дейін болады.

Естеріңізге салайық, биылғы жәрмеңкелер «Қазанат» ипподромының автотұрағы аумағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтіп келеді. Жәрмеңке өтетін орынға №18, 37 және 303 бағыттағы автобустар жүреді.