Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Президент Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті, тату көршілік және одақтастық қатынастарды нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанын айтып өтті. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшысы екі елдің сан қырлы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады, — делінген хабарламада.

Ақорданың хабарлауынша, тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткен келісімдерді жүзеге асырудың нақты аспектілеріне баса мән берген.