Бүгін 9 қаланың ауа райы қолайсыз болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 8 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қостанайда ауа райы қолайсыз болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да