Астана мен Алматы әуежайында кешігетін рейстер тексеріледі

Не болды?

Авиация әкімшілігі инспекторлары Астана мен Алматыдағы әуежайдағы рейстер қаншалық уақтылы ұшатыны мен әуе жолаушыларының құқығы қаншалық қорғалып жатқанын тексереді.

Мәлімет

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев әуе компанияларына әуе кемесін ауыстыруға тыйым салуды пысықтауды тапсырды. Fly Arystan жолаушылары Fly Arystan-ның басқа ұшағына, Air Astana-ның жолаушысы Air Astana-ның басқа ұшағына ауыстыру керек екенін де айтқан.

Қызмет көрсету сапасына және персоналдың жолаушылармен дұрыс жұмыс істемеуі қарастырылды. Әуе компаниялар мен әуежайлардың басшылығына қызмет көрсету сапасын күшейту, қызмет көрсету мәдениеті бойынша трениң өткізу, кезек болдырмау үшін тексеру жұмысын ретке келтіру тапсырылды, — делінген кеңес хабарламасында.

Кеңесте рейске тіркеле алу мәселесі де көтерілген.

Fly Arystan-да ұшуға 30 күн қалғанда онлайн тіркелуге болады, алайда әуежайға барып тіркелсең, ақы төлеуің керек. Бұл егде жастағы жолаушылар мен мобайл құрылғыларды қолданбайтын мүгедектіні бар адамдарға қиын. Министрлік осындай санаттағы азаматтарға қызмет көрсетудің қосымша тетіктерін әзірлеуді тапсырды, — делінген хабарламада.

Кеңес қорытындысы бойынша, әуе компаниялар мен әуежайлардың жұмысын тексеру туралы шешім қабылданды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің (ҚАӘ) инспекторлары екі апта бойы Астана және Алматы әуежайларының ұшу залдарында барып, рейстер қаншалық кешігетінін бақылап, жолаушыларға сауалнама жүргізеді.

Естеріңізге салайық, кейінгі жылдары азаматтар әуе рейстері кешігетінін айтып жүр. Мысалы, биылғы мамырда бір күнде Алматы әуежайында барлық ішкі рейс кешіккен еді.