Не болды?
Үкімет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне дерегі жіберілетін азаматтар тізімін арттырады. Олардың қатарына кейінгі үш ай ішінде зейнетақы жарнасын төлемеген азаматтар да енеді.
Мәлімет
2025 жылғы 29 қыркүйекте қабылданған №807 қаулы бойынша, жүйеге кейінгі үш айда жұмыс істемеген және зейнетақыға жарна аудармаған, «әлеуметтік әл-ауқаты төтенше деңгейде» деп танылған азаматтар туралы мәлімет енеді. Бұл деректер «Отбасының цифрлық картасы» платформасы арқылы жиналады.
Үкіметтің мәлімдеуінше, бұл жеңілдіктерге құқығы бар азаматтарды дәлірек анықтауға, МӘМС шеңберінде сақтандыру ресурстарын әділ бөлуге және әлеуметтік, медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
