Не болды?
5 қазанда әнші Димаш Құдайберген Нию-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеке концерт өткізді. Жақында осы концерт туралы деректі фильм шығады.
Мәлімет
Димаш Құдайберген бұл аренада концерт берген тұңғыш қазақ болды. Әнші шоу басталар алдында жанкүйерлерімен бірге Қазақстанның әнұранын шырқаған.
Бұл концерт туралы деректі фильм түсірдік — сапар, сәттер және бірге кешкен энергия жайлы. Жақында… — деп жазды әнші.
Бұл концерт — Димаш Құдайбергеннің Stranger деген әлемдік турының бастамасы.
Анықтама
Madison Square Garden — әлемдегі ең беделді сахналардың бірі. Бұл сахнада Майкл Жексон, Елвис Пресли, Битлз тобы сияқты әйгілі әртістер өнер көрсеткен.
