Жетісу облысында 2 жасөспірім тауға мотоциклмен шығып, түсе алмай қалған

Құтқарушылар таулы аймақта қалған жасөспірімдерді эвакуациялады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

Жетісу облысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2005 және 2007 жылы туған екі жасөспірімді эвакуациялады.

Олар Ескелді ауданындағы «Бурханбұлақ» учаскесінде, теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте қалып қойған. Жас мотоцикл жүргізушілері таулы аймақта батпақта тұрып қалып, өздігінен төмен түсе алмаған. Хабар түскен сәтте құтқарушылар дереу оқиға орнына шықты. Жасөспірімдер биіктен түсірілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, — делінген хабарламада.

ТЖМ таулы немесе жол жүруі қиын жерлерге барар алдында ауа райын ескеріп, жақындарына немесе шұғыл қызметтерге қозғалыс бағыты туралы хабарлау қажеттігі жөнін ескертті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да